Ұлттық қор - балаларға: бағдарламаның механизмі дайын

512

Қоғамды әрі-сәрі күйге түсірген "Ұлттық қор  балаларға" бағдарламасының механизмі, ақыры, дайын болды. Құжатын 4 ай әзірлеген Ұлттық экономика министрі келер жылдан бастап ақшаның кімдерге және қалай төленетінін нақтылап берді. 

Ұлттық қор - балаларға: бағдарламаның механизмі дайын Фото: aikyn.kz

Салығына дейін әйгілеген. Қуантыровтың айтуынша, Ұлттық қорға бір тиын инвестициялық табыс түспесе де, балаларға ақша аудару тоқтамайды. Бірақ жинаққа жүрдім-бардым қарауға болмайды. Себебі, аударылған қаражат қайтарып алынады. 

Табиғи байлықтан Ұлттық қорға түскен түсімді әр балаға аударуға президент пәрмен бергелі 4 ай дегенде бағдарлама механизмі толық дайын болды. Шыр етіп дүние есігін ашқан балаға бірден шот та ашылып, кәмілеттік жасқа дейін бұл жинақ түртілмейді. Бүлдіршін елден шығып, шет мемлекетте болса да, Үкімет ақша аударуын тоқтатпайды. Тек  азаматтығын ауыстырғанда қаражат елдегі қалған балаларға қайта бөлінеді. 

"Бәрі дайын. Осы механизммен, ережелермен қаржы министрлігі қаулы дайындап жатыр. Жүйеде болған 18 жасқа дейінгі балалар оларға тиісті инвест кірістің 50 пайызы түсетін болады", деді ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров. 

Ұлттық экономика министрі 18 жасқа толған жасөспірім жинағын ешқандай салықсыз алатынын да айтып отыр. Сондай-ақ, Ұлттық қорға инвестициялық кіріс түспесе де, балалардың шотына ақша түсіп отырады.  Өйткені, төлем тек бір жылдың кірісімен емес, 18 жылдағы орташа табыспен есептеледі", 

Қазір қорда 30 трлн теңгеге жуық қаржы болса, 4-5 пайызы инвестициялық табыс. Келер жылы оның жартысы елдегі 6,5 млн балаға бөлінеді, сонда жылына әрқайсысына шамамен 120 мың теңгеден аударылады. 

"Ұлттық қордан жастарға беріледі деген ақша, бүгін кетпейді. Ол біздің инвестициялық әлеуетіміз қор болып тұра береді. Ал сол 18 жасқа толған кезде беріледі. 17 жасар бала келесі жылы алса, өте аз бөлінеді. Сол себепті сезілмейді де. Бірақ ұлттық қорда 30 трлн теңге ақша болса, 3-4-5 трлн теңге бюджеттің  тапшылығын жабу үшін, бюджетке инвест жобаларға алып жатырмыз. Мәселе осыда. Осы өте қауіпті жағдай", деді экономист Сапарбай Жобаев.

Осыған дейін бұл бағдарламаның операторы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры екені де айтылған. Алайда, экономистер негізгі оператор  тиімсіз таңдалған деп отыр. Осыған дейін, қаржысы жымқырылып, Әзірбайжанға қарызға да беріліп, ырым-жырым болған кездерді ұмытпаған жөн екенін айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу