Ұлттық қор балаларға: шет елде білім алып, жинақты мұрагеріне беруге болады

567

Қаржы министрлігі "Ұлттық қор  балаларға" бағдарламасының ережелерін жариялады. 

Ұлттық қор  балаларға: шет елде білім алып, жинақты мұрагеріне беруге болады Фото: aikyn.kz

Жасөспірім 18-ге толғаннан кейін жинағын қайда пайдаланатынын өзі шешеді. Білімді елде ала ма, жоқ әлде басқа мемлекетте оқи ма таңдау өз еркінде. Тек баспананы өзіміздің елден алуы керек. Шетелден үй сатып алуға рұқсат жоқ. Алған пәтерін қайта сатуға да құқылы. Кәмелетке толғаннан кейін 5-10 жыл ішінде жинағын алып болмаса, ақша автоматты түрде зейнетақы шотына аударылады. Немесе бірден мұрагерлікке қалдырса да болады. Ал, баланың мүмкіндігі шектеулі болса ше?

"Бала әрекетке қабілетсіз болған жағдайда, ата-аналарға (заңды өкілдерге) ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен қаражатты пайдалануға құқық беру жоспарланып отыр", ҚР Қаржы министрлігі.

Қазақстандық аналар банктерге бармайды, ешқандай табалдырықты да тоздырмайды. Шыр етіп дүние есігін ашқан баласына бірден шот та ашылып, кәмелеттік жасқа дейін бұл жинақ ешкім тиіспейді. Әр жылдың қаңтар айында инвестициядан түскен табыстың бір бөлігі аударылып отырады. Жинақ қорда АҚШ долларымен сақталады. Экономистер бұл ең оңтайлы шешім екенін айтып отыр. 

"Теңгенің бағамының түсуінен сақтану үшін жастардың  ақшасын валютада ұстап тұру тиімді. Өйткені, ол ұзақ мерзімді ақша. Ал ұзақ мерзімде доллар өзінің сатып алу қабілетін сақтайды. Біз дамушы мемлекет болғаннан кейін теңгемізге сенім жоқ емес, теңгенің төмендеуі қалыпты жағдай. Негізгі ҰҚ ақшаның көпшілігі долларда. Юаньда да бар біраз", дейді Экономист Сапарбай Жобаев.

18 жасқа дейін бала елден кетіп, азаматтығын өзгертсе, қаржы бәріне бірдей қайта бөлінеді. Ал, азаматтығы сақталып, шетелде тұрып жатса, онда жинағын ала алады. Осыған дейін хабарланғандай, Үкімет 18 жыл бойы үзбей ақша аударса, бір баланың шамамаен 3,5 мың доллар жинағы болады екен. Ұлттық қорға инвестициялық кіріс түспесе де, шотқа ақша түсіп отырады. Өйткені, төлем тек 1 жылдың кірісімен емес, 18 жылдағы орташа табыспен есептеледі. Бұл бағдарлама 2024 жылдың қаңтар айында іске қосылады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу