Ұлттық қордың валюталық активі 61,6 млрд долларға жетеді

703

Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев 2022 жылы  республикалық бюджеттің шығысы қанша болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Ұлттық қордың валюталық активі 61,6 млрд долларға жетеді

"Жалпы ішкі өнімге байланысты 2022 жылы бюджет тапшылығы 3,3% деңгейінде болжанды. 2024 жылы бұл көрсеткіш 2,5%-ға дейін төмендетіледі", – деді министр. 

Әсет Ерғалиевтің айтуынша, 2022 жылы мұнайлы емес тапшылық жалпы ішкі өнімге байланысты 8,1%-ды құрап, 2024 жылы жалпы ішкі өнімге қатысты 6,3%-ға дейін қысқарады. 

"Республикалық бюджеттің шығысы 2022 жылы 15,9, 2023 жылы - 15,6, 
2024 жылы 16 трлн теңге көлемінде болжанып отыр. Мұнай бағасы барреліне 60 АҚШ доллары болған кезде мұнай секторынан Ұлттық қорға түсетін түсім  болжам бойынша 2022 жылы 2,5 трлн теңгеден 2024 жылы 3 трлн теңгеге дейін өседі. Жоспарланған трансферттерді ескере отырып, болжам бойынша Ұлттық қордың валюталық активі 2022 жылы 55,3 млрд доллардан 2024 жылы 61,6 млрд долларға дейін өседі", – деді Ұлттық экономика министрі. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу