Ұлттық валютадағы кредит көлемі 23 пайызға ұлғайды

803

Ұлттық валютадағы кредит көлемі 23 пайызға ұлғайды

2017 жылғы 8 ай ішінде банктердің берген кредиттері көлемінің ұлғаюы өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда  5,7%-ды құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев "2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын таныстыру бойынша баяндамасында мәлімдеді. 

"Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі 23,2%-ға немесе 1,1 трлн теңгеге ұлғайды",- деп хабарлады Данияр Ақышев. Оның айтуынша, кредиттер бойынша базалық мөлшерлеме Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесінен кейін 2016 жылғы желтоқсандағы 14,5%-дан тамызда  13,8%-ға дейін төмендеді.  

Ұлттық банк басшысы, сондай-ақ банктердің тұрақтылығын қамтамасыз ету экономиканы кредиттеуді қалпына келтіру үшін қажет басым міндеттердің бірі болатынын айтты.

"Қазіргі уақытта банк секторының қаржылық орнықтылығын арттыру бағдарламасы іске асырыла бастады, оның нәтижесі банк секторын қалыпқа келтіруге мүмкіндік береді", - деп қорытты Данияр Ақышев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу