"Ұлы дала жорығы": бірінші күннің қорытындысы шықты

647

Марафоншылар 50 шақырым межені аяқтады    

"Ұлы дала жорығы": бірінші күннің қорытындысы шықты Фото: Halyq Uni

Бүгін "Ұлы дала жорығы" республикалық бәйге марафонының бірінші кезеңінде шабандоздар 50 шақырым межені жүріп өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz

Бірінші кезеңнің 50 шақырымын алғашқы болып Жамбыл облысы 2 сағат 23 минутта белгіленген межені жүріп өтсе, Солтүстік Қазақстан облысының шабандоздары 2 сағат 57 минутта екінші болып жетті. Ал Жетісу облысының командасы 2 сағат 58 минутта үшінші болып келді. 

Еске сала кетейік, "Ұлы дала жорығы" республикалық марафон-бәйгесінің шабандоздары 14 күндік марафонға аттанды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу