Ұлыбританиялық актер, комик Рассел Брэнд 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Euronews-ке сілтеме жасап.
Бейсенбі күні Саутуарк Корольдік сотында төрт аптаға созылған сот процесінің қорытындысы бойынша алқабилер актерді төрт сексуалдық сипаттағы қылмыс бойынша кінәлі деп таныды. Атап айтқанда, бір зорлау эпизоды және сексуалдық зорлық-зомбылықтың үш эпизоды. Бұл әрекеттер 2005-2009 жылдар аралығында әртүрлі жерлерде төрт әйелге қатысты жасалғаны айтылған.
"Брэнд мырза өзінің танымалдығы берген ықпалы мен өкілеттігін асыра пайдаланды. Ол мұндай әрекеттерге барғаннан кейін жазасыз қаламын деген сенімде болды", – деді прокурор Риэл Карми-Джонс.
Бұл ретте Рассел Брэнд екі зорлық-зомбылық айыбы және бір сексуалдық сипаттағы әрекеттерге оқталды деген айып бойынша ақталды. Алайда, ол басқа да тергеулердің фигуранты болып қала береді. Лондон полициясы тағы екі әйелден түскен арыздарды тексеріп жатыр.
Сот процесі барысында ұлыбританиялық комик бостандықта болған, бірақ үкім шыққаннан кейін ол қамауға алынды.