"Үркер" ұлттық сыйлығының жеңімпаздары белгілі болды

1075

Конкурс 13 номинация бойынша өтті.

 "Үркер" ұлттық сыйлығының жеңімпаздары белгілі болды

Баспа, радио, интернет журналистика саласындағы Urker-2021 ұлттық сыйлығының иегерлері анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Марапаттау салтанатын ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі ашты.

Сондай-ақ министр ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Astana Media Week форумына қатысушыларға жолдаған құттықтау хатын оқып берді.

Биылғы бәйгеде баспа және интернет-журналистика саласындағы журналистер 6 аталым бойынша бақ сынады. 

Жеңімпаздардың тізімі мынадай:

"Жылдың үздік сұхбаты: Ая Өміртай – Halyq-uni.kz.

"Жылдың үздік репортажы": Анар Қоныс – Aikyn.kz.

Әлеуметтік тақырыптағы үздік материалы: Наима Нұрәлі – Halyq-uni.kz.

Жылдың үздік фотосуреті: Мейірбек Тажкуранов – Zakon.kz.

Жылдың үздік журналистік зерттеуі: Қазбек Құттымұратұлы – "Egemen Qazaqstan" республикалық газеті.

Жылдың үздік аналитикалық материалы: Валентина Қозыбақова – "Маңғыстау" газеті.

Халықаралық тақырыптағы үздік материалы: Сауле Исабаева – Qmonitor.kz.

Сондай-ақ қазылар алқасының шешімі бойынша "URKER-2022" ұлттық сыйлығының аясындағы арнайы сыйлықтар мына журналистерге бұйырды. 

Батыр Қазыбаев атындағы арнайы премия: Әйгерім Бегімбет – Еrnur.kz. 

Шерхан Мұртаза атындағы арнайы премия: Қали Сәрсенбай – "Ана тілі" газеті. 

Ахмет Байтұрсынов атындағы арнайы премия: "Қырғыз әдебиеті" жобасы – "Таң-Шолпан" журналы.

Конкурс қорытындысы бойынша әр номинацияның үздік өкіліне жеңімпаз атағы беріліп, "URKER – 2022" естелік мүсіншесі және 1 000 000 теңге мөлшеріндегі ақшалай сый табысталды.

Ұлттық бәйге ұйымдастырушылары – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және "Медиа дамыту қоры" корпоративтік қоры.

"URKER" – баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктер үшін беріледі, аймақтардағы мультимедиялық журналистиканы дамытуға ықпал етуге, журналистика мәртебесін арттыруға, кәсіби стандарттар мен критерилерді бекітуге, азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу