Үржар ауданындағы Алакөл жағалауына өрт сөндіру депосы салынады

844

Абай облысында төтенше жағдайлар қызметін жетілдіру үшін 40 миллиард теңге жуық қаржы бөлінеді, деп хабарлайды inbusiness.kz Абай облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Үржар ауданындағы Алакөл жағалауына өрт сөндіру депосы салынады Фото: Semeynews.kz

Оның бір бөлігін өңір басшылығы демалыс базаларындағы қауіпсіздікті жетілдіруге жұмсамақ. Өткен жылы Қабанбай ауылындағы шипалы көл жағасында оқыс оқиға салдарынан 4 ірі демалыс орны отқа оранып, 3000 шаршы метр аумақтағы ғимараттар күлге айналған. Алакөлде 200-ден астам демалыс базасы бар. Бірақ, қауіпсіздік талаптары сақталмаған.

"Кешенді жоспарда бізде 37 миллиард теңге қарастырылған осы Төтенше жағдайлар департаментіне. Осы Қабандай ауылында өрт сөндіру депосы салынатын болады. Тағы қосымша бір жақсы катер, қайық алып жатырмыз", - деп мәлімдеді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу