Үш айда Әзербайжанның 8 мың гектарға жуық аумағы минадан тазартылды

366

Әзірбайжан Республикасының аумақтарын минадан тазарту агенттігінде (ANAMA) 2023 жылдың бірінші тоқсанындағы жұмыстардың қорытындысын жариялады.

Үш айда Әзербайжанның 8 мың гектарға жуық аумағы минадан тазартылды Фото: google

Әзербайжанда 2023 жылдың бірінші тоқсанында Армения оккупациясынан босатылған 7 944 га жер миналардан тазартылды, барлығы 3 878 мина мен жарылмаған оқ-дәрілер анықталды.

Әзербайжан Республикасының аумақтарын минадан тазарту агенттігінде (ANAMA) 2023 жылдың бірінші тоқсанының қорытындыларына арналған отырыс өтті.

Отырыс соңында минадан тазарту, алдағы міндеттер, сын-қатерлер мен оларды шешу жолдары жөніндегі қызметтің тиімділігін арттыруға қатысты тапсырмалар берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу