Ұшақта полицейді балағаттаған жолаушыға айыппұл салынды

865

Әуе кемесінің бортында мас күйде тәртіп бұзған әйел сот шешімімен кінәлі деп танылды.  

Ұшақта полицейді балағаттаған жолаушыға айыппұл салынды Фото: tengrinews.kz

Астана тұрғыны әуе кемесінің бортында полиция қызметкерін көпшілік алдында қорлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оқиға биылғы наурыз айында болған. Мас күйде болған жолаушы әйел полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, қызметтік міндетін атқарып жүрген тәртіп сақшысын балағаттаған.

Көлік прокуратурасы мемлекеттік айыптауды қолдаған іс бойынша сот әйелді кінәлі деп танып, оған айыппұл тағайындады.

Прокуратура билік өкілін қорлағаны және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін заңда жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу