Ұшақтың құлау себептері анықталып жатыр

1316

ҚР ДСМ ұшақ апатынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін ресурстар жеткілікті екенін, қан тапсырудың қажеті жоқ екенін мәлімдеді.  

Ұшақтың құлау себептері анықталып жатыр

Алматы  маңында ұшақтың құлау себептерін бас мемлекеттік еңбек инспекторы нақтылап жатыр, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

"Қазіргі уақытта ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Ербол Нұрғалиев апат орнында жұмыс істеп жатыр және әуе апаттың мән-жайы мен себептерін анықтауда", – делінген хабарламада.

Тергеу нәтижелері туралы қосымша хабарланады.

Айта кетейік, бүгін таңертең Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан ұшақ радардан жоғалып кетті.

Кейін 95 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі бар ұшақтың апатқа ұшырағаны мәлім болды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ұшақ құлаған аумаққа арнайы комиссия ұшып шықты.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатына кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланатынын мәлімдеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу