Жақсылық Омар рақымшылыққа ілінбейді – прокуратура

174

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

Жақсылық Омар рақымшылыққа ілінбейді – прокуратура Фото: gov.kz

Өскемен қаласының прокуратурасы 6 жылға сотталған бұрынғы шенеунік Жақсылық Омарға қатысты үкім туралы ақпарат берді. Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағандарға рақымшылық және шартты түрде мерзімінен бұрын босату нормалары қолданылмайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты қылмыстық істі қарау аяқталған болатын.

"Айыпталушы бірқатар сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары үшін, атап айтқанда, қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып жасалған алаяқтық және пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл әрекеттер Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша сыбайлас жемқорлық қылмыстар санатына жатады әрі мемлекеттік қызметтің негіздеріне және қоғам сеніміне нұқсан келтіреді", – делінген хабарламада.

Мемлекеттік айыптаушы қысқартылған тәртіппен қаралған істі ескере отырып, заңда көзделген ең қатаң жаза тағайындауды сұраған. Сот айыпталушыны 6 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

"Қолданыстағы ҚР қылмыстық заңнамасына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталған тұлғаларға рақымшылық және шартты түрде мерзімінен бұрын босату нормалары қолданылмайды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ және тараптар оған шағым жасай алады", – деп хабарлады Өскемен қаласының прокуратурасы.

Айта кету керек, бұған дейін Өскеменнің экс-әкімі Жақсылық Омар 6 жылға сотталғанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу