Жамбыл облысында 38 ауыл әкімі сайланды

1270

Ең жас әкім – 28 жаста.

Жамбыл облысында 38 ауыл әкімі сайланды

Жамбыл облысында тікелей дауыс беру арқылы 38 ауыл әкімі сайланды. Бұл туралы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оның айтуынша, сайлаушылар тізіміне 104 мың 391 адам енгізілген, 94 мың 642 (90,66%) дауыс беруге қатысқан, 442 адам үйінен дауыс берген (4%).

Өңірде 89 сайлау учаскесі жұмыс істеген. Онда 651 бақылаушы (саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, коммерциялық емес ұйымдардың байқаушылары, БАҚ өкілдері) сайлау процесін бақылаған.

"Нәтижесінде әкім болуға үміткерлер болған 111 адамның, 38-і өз округтері бойынша әкім болып сайланды. Оның үшеуі әйел: Жуалы ауданы Қарасау ауылы, Жамбыл ауданы Ақбастау ауылы, Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы. 
Ең жас әкім – 28 жастағы Қуандық Ерсайын. Әкімдердің орташа жасы – 43. Олардың басым бөлігі экономист және заңгер мамандықтары бойынша білім алған", - деді Серғали Айдапкелов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен
Брифингте.

Айта кетейік, ауыл әкіміне үміткерлердың қатарында 31 адам Nur Otan партиясынан, 3 адам өзін-өзі ұсынған. Ал "Ауыл" социал-демократиялық партиясы, "Қазақстанның "Ақ жол" Демократиялық партиясы", ADAL саяси партиясы, "Қазақстан халық партиясы" атынан тек бір үміткер қатысқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу