Жамбыл облысында полиция қызметкерінің өртелген мәйіті табылды

2072

Марқұмның Қордай ауданы полиция бөлімінің ұйымдастыру-талдау жұмыс тобының инспекторы Бағдат Мамилеев екені анықталды.

Жамбыл облысында полиция қызметкерінің өртелген мәйіті табылды

Жамбыл облысы Шу ауданында жүрек тұсынан пышақ жарақатын алып, өртелген полиция қызметкерінің мәйіті табылды. Қылмысты ашуға тиісті органдардың барлық күші жұмылдырылды, деп хабарлайды "Экспресс К".

Мәйіттің Жайсаң ауылының ( Шу қаласынан 15 шақырым) шетінде жатқанын полицияға белгісіз әйел телефон арқылы хабарлапты. 

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы мәйіттің өздерінің әріптесі Қордай ауданы полиция бөлімінің ұйымдастыру-талдау жұмыс тобының инспекторы Бағдат Мамилеев екенін анықтаған.

Табылған жекебас құжаттары мен қалта телефоны, сондай-ақ жол апатынан алған жарақатының орны марқұмның Бағдат Мамилеев екенін айғақтай түсті.

Сондай-ақ, мәйіттен 10 метрдей жерде жатқан пакеттегі заттардың ұрланбауы қылмыстың ұрлық үшін жасалмағанын көрсетеді.

Құрбан болған полиция қызметкерінің артында екі баласы қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу