Жаңа Зеландияда жер сілкінісі тіркелді

597

5,9 баллдық жер сілкінісі Жаңа Зеландияда болды.

Жаңа Зеландияда жер сілкінісі тіркелді Фото: ZERKALO.AZ

Магнитудасы 5,9 жер сілкінісі Жаңа Зеландияның Солтүстік және Оңтүстік аралдарын бөліп тұрған Кук бұғазы аймағында тіркелген, деп хабарлайды  Бірыңғай геофизикалық қызметінің Алтай-Саян филиалы.

Алтай-Саян филиалының жедел өңдеу мәліметтері бойынша, сәрсенбіде Астана уақытымен сағат 12:38-де тіркелген жер сілкінісінің ошағы Веллингтон маңындағы төменгі Хатт қаласынан солтүстік-батысқа қарай 98 шақырым жерде анықталған.

Эпицентрдегі сілкіністердің қарқындылығы бойынша жер сілкінісі "жойқын" деп бағаланды. АҚШ Геологиялық қызметі жер сілкінісінің магнитудасын 5,7 деп көрсетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу