Жаңаөзен кәсіпорындарының қаржы-шаруашылық қызметін талдау үшін арнайы комиссия құрылды

583

Жұмыс тобының құрамына 33 маман кіреді.

Жаңаөзен кәсіпорындарының қаржы-шаруашылық қызметін талдау үшін арнайы комиссия құрылды Фото: inform.kz

Бүгін, 20 сәуірде Жаңаөзенде қаланың мұнай өндіруші және мұнай сервис кәсіпорындарының қызметін талдау мақсатында "ҚазМұнайГаз" қызметкерлерінен құрылған арнайы жұмыс тобы өз жұмысына кіріседі, деп хабарлайды  inbusiness.kz ҚМГ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Кеше ҚМГ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Астанада арнайы топ қатысушыларымен кездесу өткізді. Оларға қаланың еңбек ұжымдарымен кездесу өткізу, жұмысшылардың еңбек жағдайымен, сатып алу қызметімен және кәсіпорындар жұмысының басқа да тұстарымен танысу міндеттері қойылды. Жергілікті компаниялар қызметкерлерінің келісімшарт талаптарының бұзылғаны жөніндегі шағымдары, соның ішінде Астанада өткен арнайы комиссия жұмысы кезінде "БерӘлі Маңғыстау Company" компаниясының бұрынғы қызметкерлері мәлімдеген шағымдар жеке қаралатын болады", делінген хабарламада.

Бұдан басқа, кәсіпорындардың қызмет түрлерін сатып алу рәсімдерінде сыбайлас жемқорлық қаупін анықтау мен жолын кесуге ерекше назар аударылады.

Жұмыс комиссиясы ұсынған талдау қорытындысы бойынша экономикалық және әлеуметтік сипаттағы өзекті мәселелерді шешуге арналған іс-қимыл жоспары жасақталады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу