Жаңаөзен мектептерінде оқушыларға шұбат беріле бастады

315

Қалалық білім бөлімінің мәліметінше, бұл пилоттық жоба өңірдегі барлық 25 мемлекеттік мектепті қамтиды.

Жаңаөзен мектептерінде оқушыларға шұбат беріле бастады Фото: Маңғыстау облыстық білім басқармасы

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы мектеп оқушыларының ас мәзіріне түйе сүтінен дайындалатын дәстүрлі сусын – шұбат енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "24KZ" телеарнасына сілтеме жасап.

Бастама өскелең ұрпақтың дұрыс тамақтануын қолдау, денсаулығын нығайту және ұлттық тағамдарды кеңінен насихаттау мақсатында қолға алынған.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың бастамасымен жүзеге асып жатқан жоба аясында жергілікті кәсіпкерлермен өнім жеткізу жөнінде ресми келісімшарт жасалды.

Жаңаөзен қаласында іске қосылған  сүн өндіретін цех жылына 400 тоннаға дейін сапалы өнім шығаруға қауқарлы.

Биыл қараша айынан, яғни екінші тоқсаннан бастап беріле бастаған ұлттық сусын екі аптада бір рет 200 грамдық жеке құтыда ұсынылады. Бұл пайдалы cусын қазіргі таңда ыстық тамақпен қамтылып жатқан бастауыш сынып оқушыларына және 5–11-сынып аралығындағы әлеуметтік жағынан осал санаттағы балаларға арналған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу