Жаңаөзенде аштық жариялағандар жедел жәрдем шақырды

317

Жаңаөзендік жұмыссыздар қала әкімдігінің алдында аштық жариялады. 

Жаңаөзенде аштық жариялағандар жедел жәрдем шақырды Фото: Т.Құсайын

Жаңаөзен қаласының мұнай-газ саласына жұмысқа алуды талап етіп, аштық жариялағандар бұл ақпарды жергілікті атқарушы орган өкілдеріне жеткізген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін оларға мұнай-газ секторындағы жұмыспен қамту алгоритімін сақтай отыра, 250 мың теңгеге дейінгі жалақысы бар жұмыс орындары бірнеше рет ұсынылған көрінеді. Уәкілетті тұлғалар олардың жалпы кезекті айналып өтіп, мұнай-газ секторына тікелей жұмысқа орналасу туралы талабының басқа үміткерлерге әділетсіздік болатынын түсіндірді.

Бұл уәжбен келіспегендер астан бас тартты.

"5 наурыз күні сағат 19:13-те Жаңаөзен қаласының жедел жәрдем станциясына қалалық әкімдік ғимаратының маңында жүргендер аштық жариялап, өзін нашар сезініп жатқанын хабарлаған. Бірінші жедел жәрдем сол мезетте, екіншісі 19:41-де жөнелтілді. Біздің қызметіміздің жедел әрекет етуінің арқасында бірінші топ қоңыраудан кейін 5-6 минут ішінде оқиға орнына жетті. Сараптама қорытындысы бойынша барлығы 19 адамның жағдайы қанағаттанарлық және сау деп бағаланды. Төртеуі сараптамадан бас тартты. Ауруханаға жатқызу белгілері болған жоқ.  Жедел жәрдемге жалпы 50-ден астам шақырту түсті. Ал бізде 10 ғана бригада бар. Біз тұрғындарды жедел-жәрдем қызметтерін жауапкершілікпен пайдалануға шақырамыз және негізсіз қоңыраулардың шын мәнінде көмекке мұқтаж жандарға көмек көрсетуде кедергі келтіретінін ескертеміз",- деді Маңғыстау облыстық жедел жәрдем стансасы бастығының Жаңаөзен қаласындағы орынбасары Әлішер Көмеков.

Аштық жариялағандар полиция бөліміне жеткізіліп, профилактикалық түсіндірме жұмыстарынан кейін заңсыз әрекеттері тоқтатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу