Жаңатас қаласынан 4 мың жыл бұрынғы таңбалы жартас табылды

175

Таңбалы тастардың ені 2 метрге жуықтап, ұзындығы 15 метрден асады. 

Жаңатас қаласынан 4 мың жыл бұрынғы таңбалы жартас табылды Фото: Юрий Ким

Республикалық "Таза Қазақстан" акциясы аясында тазалық жұмыстарын жүргізген жамбылдық еріктілер осыдан 3,5-4 мың жыл бұрын тасқа қашап салынған таңбалы жартасты тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының директоры, археолог, тарихшы Сауран Қалиевтың айтуынша, тастағы ежелгі петроглифтер қола дәуірі адамдарының тасқа салған туындылары екен.

"Таңбалы жартас табылған Қаратау тау жотасы Қазақстандағы ең киелі аймақ болып табылатын тарихи-географиялық аймақ. Ал енді сол ғалымдардың зерттеу жұмыстарының қортындысына сәйкес мұны болашақта өңірлік туристік бағыттарға енгізуге мүмкіндігі жоғары", - дейді С.Қалиев.

Ал тарихи мұраны тапқан еріктілер таңбалы жартастағы арқарға ұқсас аңдарды, тауешкі мен түйелерді көргенде таңқалғандарын айтады.

"Тазалық жұмыстарымен айналысып жатып ерекше жазуларды көзіміз шалып қалды. Біз тарихшы емеспіз. Сондықтан бірден тарихшыларды шақырып, осы жазуды анықтадық. Сөйтсек бұл үлкен мұрағат болатындай ерекше жазулар екен.

Таңбалы тастардың ені 2 метрге жуықтап, ұзындығы 15 метрден асады. Қола дәуірі адамдарының қолтаңбасына қарап аң аулағанда топтасып жүріп, тор лақтырып жатқаны анық бедерленген", - дейді ерікті Асылжан Пазылбеков.

Жалпы Жамбыл облысында 3 510 тарихи-мәдени ескерткіш болса, оның 46-сы былтыр табылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу