Жәния Әубәкірова Президентке өзінің авторлық мектебінің жұмысы туралы баяндады

269

Мемлекет басшысы Қазақстанның халық әртісі Жәния Әубәкірованы қабылдады. 

Жәния Әубәкірова Президентке өзінің авторлық мектебінің жұмысы туралы баяндады Фото: akorda.kz

Кездесуде еліміздегі мәдениет саласының дамуы мен өзекті проблемалары талқыланды, деп жазады inbusiness.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.

Жәния Әубәкірова Президентке жеке шығармашылығы мен өзінің авторлық мектебінің жұмысы туралы баяндады. Сонымен қатар ұзақ уақыт бойы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры болған маман музыкалық жоғары білім саласы туралы ой-пікірін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жәния Әубәкірованың қоғамдық мәселелерге қатысты ұсыныстарын тыңдап, өнер саласындағы бастамаларына сәттілік тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу