Жастарға арналған 2,5% несие беру бағдарламасы қашан басталады?

782

Бұл бағдарламаға 29 млрд теңге бөлінген.  

Жастарға арналған 2,5% несие беру бағдарламасы қашан басталады? Фото: Dauletten.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаевтың айтуынша, жастарға арналған 2,5 пайыздық микронесие беру бағдарламасы наурыз айында басталады, деп жазады inbusiness.kz.

"Бағдарлама наурыз айында басталады. Қазіргі кезде әкімдіктермен келісімшартқа қол қою процесі жүргізілуде", - деді вице-министр тілшінің сауалына берген жауабында.

Олжас Ордабаевтың айтуынша, микронесиелеу бағдарламасына 29 млрд теңге бөлінген.

"Бұл 5,8 мың адамды қамтуға мүмкіндік береді. Қарыздың ең жоғары сомасы – 5 млн теңге. Несиелеу мерзімі мал шаруашылығын қоспағанда, кез келген мақсат үшін 5 жылға дейін болуы мүмкін. Бұл қызмет бағыты үшін 7 жылға дейін болады", - деп атап өтті ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

ҚР ЕХӘҚМ Халықты жұмыспен қамту департаменті директорының орынбасары Айжан Жапалбаеваның сөзінше, кепілдікке жылжымайтын мүлік пен арнайы техника қойылады. 

Айта кету керек, несие "Аграрлық кредиттік корпорация" АҚ арқылы берілетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу