Ол дауыс марқұм Наурыз Мұқанғалиевтыкі екенін, мұны өзіне жасалған қоқан-лоқымен байланыстыратынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Күдікті келіспеушіліктің 2024 жылы Түркияға сапар кезінде басталғанын алға тартады. Сол кезде оның жүкті жұбайының денсаулығына байланысты дәрігерлер медициналық көрсеткішпен түсік жасатуды ұсынған. Кейін Қазақстанға оралған соң Наурыз Мұқанғалиев пен туыстары да жүктілікті тоқтатуды талап етіпті. Бірақ, Сұлтан Сәрсемәлиев бұған үзілді-кесілді қарсы шыққан.
Айыпталушы сотқа ұсынған алғашқы аудиожазбада Наурыз Мұқанғалиевтің жақындарының біріне айтқан сөзі жазылған.
– Біз араласпасақ, ол – отбасын асырай алмайтын адам. Алдымен Ақбаян жазылып кетсін. Сосын сөйлесеміз, – делінген онда.
Сотта тыңдалған тағы бір аудиожазбада Наурыз Сұлтанға "Жауапқа тартам, сүмірейтіп тастаймын" деген сөздер айтқан болуы мүмкін. Күдікті күйеу бала бұл сөздерді өзіне тікелей жасалған қоқан-лоқы деп есептеп отыр.
Ол аудиожазбаны 2024 жылдың 5 қаңтарында өзі іздеуге жүргеннен соң телефонына мұқият сақтап қойған.
Келесі сот отырысы 23 маусым күні өтеді.
Бұған дейін сотта Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сұмдық ақпарат тарағанын жаздық.