Жекешелендіру: жыл басынан 2 нысан сатылды

205

178 объект сату алдындағы дайындықта тұр. 

Жекешелендіру: жыл басынан 2 нысан сатылды Фото: primeminister.kz

Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Такиев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында 657 объектіні сату көзделген. Кешенді жоспарды іске асыру басталғаннан бері 396 млрд теңгеге 384 нысан бәсекелес ортаға берілді, 70 объект қайта ұйымдастыруға және таратуға жіберілді. Осы жылы 1 наурыздағы жағдай бойынша 25 объект сатылымда, 178 объект сату алдындағы дайындықта тұр, ал 2 нысан сатылды", - деді Қаржы министрі.

Айта кету керек, осыған дейін Қазақстан экономикасы 4,2%-ға өскенін жазған болатынбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу