Жер сілкінісі өзбек телеарнасының тікелей эфирін үзді

2061

Жер асты дүмпулері кезінде телеарнаның студиясында жүргізушілер мен бірнеше қонақтар болған.  

Жер сілкінісі өзбек телеарнасының тікелей эфирін үзді Фото: Yoshlar.tv

Ауғанстандағы жер сілкінісі сәті Өзбек телеарнасының "Ешлар" тікелей эфирінде түсіп қалған, деп хабарлайды inbusiness.kz "Өзбекстан жаңғырығы" телеграм-арнасына сілтеме жасай отырып.

Кадрларда студиядағы жүргізушілер мен қонақтан жер сілкінісін сезінгені көрінеді. Жарнамаға ауысу арқылы эфирді тоқтатуға тура келді.

Пәкістанның солтүстік-батыс Хайбер-Пахтунхва провинциясында сейсенбі күні кешке Ауғанстанда болған жер сілкінісі салдарынан кем дегенде тоғыз адам қаза тапқанын еске саламыз

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу