Жетісу облысында TikTok әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирде заңсыз карта ойындарын ұйымдастырған 4 адамның әрекеті тоқтатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында олардың заңсыз ойындардан 95 млн теңге табыс тапқаны анықталды. Олардың біреуі құқық бұзушылық жасалған кезде кәмелетке толмаған болған.
Сот 4 адамды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 307-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеумен қатар, әрқайсысын 4 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу