"Жеткілікті деп санаймыз": Облыстарда азық-түлік бағасын төрт адам бақылайды

664

Мемлекет басшысының әлеуметтік-экономикалық маңызы бар тапсырмаларын іске асыру үшін заңнамаларға түзетулер енгізіледі. Түзетулерді мәжіліс депутаттары мақұлдады, деп жазады inbusiness.kz. 

"Жеткілікті деп санаймыз": Облыстарда азық-түлік бағасын төрт адам бақылайды

Заң жобасында бес кодекс пен 17 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылады. Атап айтқанда, азық – түлік бағасының өсуіне бақылауды күшейту, оны үйлестіруді бір органға, яғни сауда және интеграция министрлігіне беру жоспарлануда.

"Түзетулер қабылданса сауда саласына қатысушылар арасындағы өзара іс – қимыл жолға қойылады деп күтілуде, бұл өнімсіз делдалдарды, баға белгілеу саласындағы бұзушылықтарды анықтау және алып тастау процесін жеңілдетуге және жеделдетуге және жосықсыз кәсіпкерлік субъектілерін жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді", - дейді ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.

Депутат Әлия Әбсеметова Сауда Комитетінің аумақтық бөлімшелерінде барлығы 90 адам жұмыс істейтінін хабарлады. Осылайша, әр өңір мен облыста әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын бақылауды тек төрт адам жүзеге асыратынын айта келіп, бағаны тиімді бақылау үшін бұл ресурстар жеткілікті ме деп сұрады.

Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Күшікова өңірлік филиалдарда бар болғаны төрт адам жұмыс істейтінін растады, бірақ ведомствода бұл сан баға мониторингі үшін жеткілікті деп санайтынын айтты.

Бұдан бөлек заң жобасында:

мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнаманы және инвестициялар туралы келісімдер жасасу тетігін жетілдіру;

бюджетаралық қатынастарды реформалау;

"Самұрық-Қазына" қорының мемлекеттік сатып алу және сатып алу тәртібін қайта қарау;

жеке монополиялық операторлардың мемлекеттің экономикалық функцияларын жүзеге асыруына тыйым салуды белгілеу;

мемлекеттік органдардың жеке және заңды тұлғалардан негізсіз ақпарат сұрауларын қысқарту қарастырылған.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу