Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің келесі отырысы желтоқсан айында Санкт-Петербург қаласында өтеді. Бұл туралы комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің келесі отырысы желтоқсан айында Санкт-Петербург қаласында өтеді", – деді спикер.
Бақытжан Сағынтаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес аясында V Еуразиялық экономикалық форум өткізілгенін тілге тиек етті.
"Форумның жұмысына әлемнің 44 елінен 3 мыңға жуық адам қатысты. Іскерлік бағдарламасына 30-ға жуық іс-шара енді. ЕАЭО-дағы интеграциялық процестердің ең өзекті мәселелері негізгі тақырыптарға айналды", – деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.
Айта кету керек, бұған дейін ЕАЭО Туниспен еркін сауда туралы келіссөздерді бастайтынын жазғанбыз.