Жол жөндеу: Астанада тағы бір көше ішінара жабылады

412

Рақымжан Қошқарбаев – Тәуелсіздік даңғылдарының қиылысындағы жол төсеміне жөндеу жұмыстары жүргізіледі.  

Жол жөндеу: Астанада тағы бір көше ішінара жабылады Фото: Inbusiness.kz

Бұл туралы Астана қалалық мониторинг және жедел ден қою орталығы хабарлады.

Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Рақымжан Қошқарбаев – Тәуелсіздік даңғылдарының қиылысындағы жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

“Осы жылдың 30 қыркүйек пен 1 қараша аралығында көлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылатын болады”, - делінген орталық таратқан хабарламада.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан өз маршруттарын алдын ала жоспарлау ұсынылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу