Жүйедегі кемшіліктер шаруаларды субсидиядан қағуда

372

Ал, Қостанай облысындағы ауыл шаруашылық өнім өндірушілер мемлекеттік көмекті 3-4 айлап күтуге мәжбүр.

Жүйедегі кемшіліктер шаруаларды субсидиядан қағуда Фото: Ашық дереккөзден

Мұндай жағдай ақшаның тапшылығынан емес, заңмен бекітілген ережелердегі шикіліктердің кесірінен. Шаруалардың шағымынан шаршаған жергілікті билік өкілдері ауыл шаруашылық министрлігіне мән-жайды айтып түсіндірген. Мәселенің шешу жолдарын да көрсеткен. Алайда, олардың ұсыныстары нәтижесіз қалыпты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Көктем кетті, жаз келді. Ал, шаруалар әлі тұқым сатып алуға бөлінген субсидияны ала алмай жүр. Қыстан қамданып, ақпан айында-ақ өтінім берген. Бірақ бюрократиялық кедергілер шырғалаңынан шығарар емес.

Биыл өңірдегі ауыл шаруашылық өнімін өндірушілерді қолдау үшін, субсидиялаудың 11 бағыты бойынша 40 млрд теңге бөлінді. Жарты жылда соның 11 млрд 800 млн теңгесі игерілді. Яғни 3-тен бірі ғана шаруаларға таратылған. Қаражаттың көбі мал шаруашылығымен айналысатындарға берілді.

Облыста 7 жарым мыңнан астам ауыл шаруашылық өнім өндіруші бар. Солардан жыл басынан бері 22 мыңға жуық субсидияға өтінім түскен. Ал, бұл құжаттарды тексеретін небәрі 12 маман ғана.

Басқарма басшылығы жоғары жаққа бұл жүктемені жеңілдету жолдарын ұсынған. Субсидияға өтінімдер қабылдауды бұрынғысынша аудандық бөлімдерге беруді сұрапты. Алайда, құлақ асқан ешкім жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу