Жұмыртқа мен шай бағасы өсті

1371

Жұмыртқа мен шай бағасы өсті

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ресми деректері бойынша 2016 жылғы қазанда инфляция 0,6% (2015 жылғы қазанда – 5,2%) болды, деп жазады naryk.kz.

Азық-түлік тауарлары 0,8%-ға (4,6%-ға өсу) қымбаттады, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,7%-ға (10,2%-ға өсу), ақылы қызмет көрсету тарифтері 0,2%-ға (1,1%-ға өсу) өсті.

Азық-түлік тауарлары нарығында 2016 жылғы қазанда, көбінесе жұмыртқаның бағасы 7,5%-ға, шай – 6,0%-ға, көкөністер – 2,1%-ға, құс – 1,5%-ға, кондитерлік тағамдар – 1,1%-ға өсті. Қанттың бағасы 3,5%-ға және жемістер – 0,5%-ға төмендеді.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде киімнің және аяқ киімнің бағасы 1,0%-ға, дәрі-дәрмектер – 0,6%-ға, тұрмыстық үй заттары – 0,5%-ға өсті. Сұйытылған газ 1,0%-ға арзандады.

Ақылы қызметтер тобында ыстық судың бағасы 0,2%-ға, баспананы жалға алу және тарату желілері бойынша тасымалданатын газ – 0,1%-ға өсті. Суық судың және электр энергиясының тарифтері мен бағасы 0,2%-ға, ауруханалардың қызметтері – 0,1%-ға төмендеді.

2016 жылғы қаңтар-қазанда инфляция 6,2% (2015 жылғы қаңтар-қазанда – 8,2%) болды. Жылдың басынан бастап азық-түлік тауарларының бағасы 5,7%-ға (6,1%-ға өсу), азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 7,6%-ға (13,9%-ға өсу), ақылы қызмет көрсету – 5,4%-ға (5,2%-ға өсу) өсті. (1-график).

Инфляция жылдық көрсеткіш бойынша 2016 жылғы қазанда 11,5% (2015 жылғы желтоқсанда – 13,6%) деңгейінде қалыптасты. Бұл ретте азық-түлік тауарларының бағасы 10,4%-ға (10,9%-ға), азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 15,7%-ға (22,6%-ға), ақылы қызмет көрсету – 8,4%-ға (8,1%) өсті.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу