Жұмыртқа шығару көлемі азайып, құс етіне тапшылық туындады

429

Павлодар облысындағы екі бірдей құс фабрикасының жағдайы мүшкіл. 

Жұмыртқа шығару көлемі азайып, құс етіне тапшылық туындады Фото: inbusiness.kz

"Қызылжар құс" кәсіпорны "модернизация жасаймыз" - деп былтыр өндірісін тоқтатқан. Салдарынан өңір халқы тауық етінен таршылық көріп отыр. Ал, жұмыртқа шығаратын "Шарбақты-құс", өнім көлемін азайтты. Олар, "жем қымбатты" желеу етіп құс басын кемітіп жіберген. Өңір билігі тұралауға жақын қалған бизнеске жаңа инвестор іздеп жатыр. 

Павлодар облысының халқын жұмыртқамен қамтып отырған "Шарбақты-құс" мекемесі, өткен жылмен салыстырғанда өнім көлемін 62,2 пайызға азайтып жіберген. Мәселен, былтыр қаңтар айында 4,6 млн дана тауық тұқымын сатылымға шығарса, биыл 2,8 млн жұмыртқа өндірді. Өйткені, құстың басы 150 мыңға кеміп кеткен. Ал, жарым жартылай жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды, қожайыны сатып құтылмақ екен.        

"Шарбақты ауыл шаруашылығы индексінің құлауы сол "Шарбақты-құс" фабрикасының бүгінгі күнде толыққанды жұмыс істемеуінен болып отыр", дейді Павлодар облысы әкімінің орынбасары Серік Батырғожинов. 

Екінші фабриканың да жайы жырғап тұрған жоқ. Бір жыл бұрын модернизация жасаймыз, деп жабылып қалған "Қызылжар-құс", қайта іске қосылмады. Содан болып дүкен сөрелерінде тауық еті тапшы. Қазіргі бар өнім, өңір халқының 22,3 пайызын ғана қанымдауға жетеді.  

Павлодар облысында тауық етін өндіретін "Қызылжар-құс" фабрикасы мен жұмыртқа шығаратын "Шарбақты-құстың" құрылтайшысы бір адам. Қазір кәсіпкер өзінің бизнесінен бас тартып жатқан көрінеді. Ал, өңір билігі енді оның орнын басатын инвестор іздеп жатыр. Қашан табылары әзірге белгісіз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу