Журналист Данияр Әділбеков ұсталды - полиция

256

Астана қалалық полиция департаменті журналист Данияр Әділбековтің ұсталғанын растады.  

Журналист Данияр Әділбеков ұсталды - полиция Фото: myseldon.com

Сот журналистке қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдаған, деп жазады inbusiness.kz сайты Астана қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

"Қылмыс жасағаны туралы көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін азамат "Ә"-ға қатысты қылмыстық іс қозғалды", - деп түсіндірді елордалық полиция департаментінен.

Өзге мәлімет тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу