Журналист Диас Ахметшәріп қайтыс болды

390

Ол 48 жасында өмірден озды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Журналист Диас Ахметшәріп қайтыс болды Фото: informburo.kz

Диас Ахметшәріп еңбек жолын 1997 жылы Қазақ радиосының репортері болып бастаған.

Ұзақ жылдар бойы "Qazaqstan" телеарнасы мен "Хабар" агенттігінде спорт журналисті қызметін атқарды. "Qazsport" телеарнасын алғаш басқарғандардың бірі еді.

Олимпиада және Азия ойындарының, Әлем чемпионаттарының спорт шолушысы және ҚР құрамасының баспасөз атташесі болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу