Журналист Ирина Бекетованы өлтірген күдікті ұсталды

902

Ол Ақмола облысының Аршалы ауданы Ижевское ауылында, Есіл өзенінің жағасында иесіз қалған ғимаратта тығылып жүрген жерінен қолға түсті.

Журналист Ирина Бекетованы өлтірген күдікті ұсталды

Танымал журналист Ирина Бекетованы өлтірген күдікті ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің жедел уәкілдері Ақмола облысының Аршалы ауданы Ижевское ауылында, Есіл өзенінің жағасында иесіз қалған ғимараттан "Nur.kz" журналисі Ирина Бекетованы қызғаныш салдарынан өлтірген А.Гусейновті қолға түсірді. И.Бекетованың мүрдесі үйінің кіреберісінде соққы іздерімен табылған болатын", - деді Алмас Садубаев.

Ресми өкілдің айтуынша, күдікті ұстау барысында қарсылық танытпаған. Полиция қызметкерлері оның қашуына мүмкіндік бермей, дәл үстінен түскен.

"Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу