Журналист Махамбет Абжан қамауға алынды

882

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтен хабарланды.

Журналист Махамбет Абжан қамауға алынды Фото: әлеуметтік желідегі жеке парақшасынан

Агенттік ақпаратына сүйенсек, Махамбет Абжан кәсіпкерді атына кір келтіретін мәліметтер таратамын деп қорқытып, бопсалаған. Одан аса ірі көлемде ақша талап еткен. 

"Ағымдағы жылдың 3 шілдесінде жүргізілген арнайы операцияның нәтижесінде азамат М. Абжан 50 миллион теңге алғаннан кейін ұсталып, Нұр-Cұлтан қ. ПД УҰИ-ға қамауға алынды. М. Абжанның басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы туралы ақпарат тексерілуде", – деп жазылған хабарламада.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілген жоқ.