Журналистер туралы Заң жобасы қашан дайын болады

612

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева журналистердің мәртебесі туралы заң жобасы қашан талқылауға түсетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Журналистер туралы Заң жобасы қашан дайын болады Фото: Серікжан Қобыланбаев

"Журналистердің құқығы мен әлеуметтік мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеуді қарастырып жатырмыз. Нұртөре Жүсіп мырза журналистерге үй алу немесе басқа жағдайларда жеңілдік жасау туралы айтып отыр ғой. Бұл жұмыс барлық мемлекеттік мекемемен келісе отырып іске асатын дүние екені белгілі. Ол кісі министрлікпен қоян-қолтық жұмыс істеп отыр. Ал Заң жобасының мәтінін үкіметтік емес ұйымдармен, сарапшылармен кеңесіп жазамыз. Келесі жылдың алғашқы жартыжылдығында ашық талқылауға шығарамыз деп ойлап отырмыз", – деді министр.

Еске саламыз, Парламент Сенатының отырысында депутат Нұртөре Жүсіп Журналист мәртебесі туралы арнайы заң қабылдауды ұсынған. Ал Үкімет басшысының пікірінше "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заң саладағы қоғамдық қатынастарды реттеп отыр, жаңа заңның керегі жоқ.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу