Журналистің кәсіби қызметіне кедергі келтіргендерге жауапкершілік күшейтілмек - жоба

653

ҚР ІІМ "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына нормативтік-құқықтық саясат бойынша консультативтік-кеңес құжатын әзірледі, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Журналистің кәсіби қызметіне кедергі келтіргендерге жауапкершілік күшейтілмек - жоба Фото: egemen.kz

Атап айтқанда, журналистің заңды кәсіби қызметіне кедергі келтіргені үшін жауапкершілікті күшейту ұсынылып отыр. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің түсіндіруінше, қазір мұндай норма жоқ.

Кейінгі 5 жылда ҚР Қылмыстық кодексінің 158-бабы бойынша (Журналистті ақпаратты таратуға мәжбүрлеу немесе таратудан бас тарту арқылы оның заңды кәсіби қызметіне кедергі жасау, журналиске заңды кәсіптік қызметті жүзеге асыруға кедергі келтіретін жағдай жасау немесе оны бұл мүмкіндіктен толық айыру) бар болғаны 9 сотқа дейінгі тергеу фактісі тіркелген. Құқық қолдану тәжірибесі ең әуелі әкімшілік жауапкершілікті қосымша енгізу қажет екенін көрсетеді.

Осыған байланысты Әкімшілік кодекске журналистің заңды кәсіби қызметіне кедергі келтіргені үшін жауапкершілікті көздейтін норманы толықтыру ұсынылып отыр. Бұл норма ҚР Қылмыстық кодексінің 158-бабының бірінші бөлігін "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексіне ауыстыру арқылы жүзеге асады.

Құжат 31 қаңтарға дейін қоғам талқылауы үшін Ашық НҚА сайтына жарияланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу