Журналистің көлігін өртеп жіберді: жасөспірімдер ұсталды

460

Журналист Динара Егеубаеваның көлігін өртеп, Elmedia редакциясының "терезесін сындырды" деген күдікпен 5 жасөспірім ұсталды. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті мәлімдеді. 

Журналистің көлігін өртеп жіберді: жасөспірімдер ұсталды Фото: ЭкспрессК

Зардап шеккен әріптесіміздің өзі мұны "өміріне жасалған қастандық" деп отыр. 

Бұл оқиға өткен сенбінің түнінде болған. Көліктің терезін сындырып, белгісіз біреулер от қойып кетіпті. Динара Егеубаев бірнеше автокөлік қатар тұрғанын және жойқын жарылыс болуы мүмкін екенін айтады. Әріптесіміз мұны әдейі жасалған қастандық,- деп отыр. 

"Мен жақында ғана ресейлік саясаткер Владимир Миловтың эфирінде тәуелсіз зерттеуміздің қортындысын қалдырғанмын. Мүмкін бұл жағдай осымен байланысты шығар. Бұл бірінші жағдай емес, бұған дейін де көлігімді бірнеше рет әдейі зақымдағандар болды", дейді журналист Динара Егеубаева. 

Қалалық полиция департаментінің таратқан ақпаратына сенсек, қылмыс жасады деген күдікпен 5 азамат ұсталған. Барлығы жасөспірім. Оның ішінде, Elmedia редакциясының ғимаратына зақым келтіргендер де бар.     

"Қазіргі таңда белгілі болғандай интернет желісі арқылы өзге біреудің тапсырмасын орындап, осындай іс-әркеттерге барған көрінеді. Қазіргі таңда осы қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтауға байланысты бағытталған іс-шаралар жалғасып жатыр", дейді Қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Айта кету керек, Динара Егеубаева бұған дейін билікті сынап жүрген болатын. Оның үстіне, кезектен тыс мәжіліс сайлауына өзін кандидат ретінде ұсынуға дайын екенін айтты. Көліктің өртенуі мұнымен байланысты ма? Бұл сұрақты саясаттануға қойып көрген едік. 

"Қазіргі биліктің бұған қатысы жоқ деп ойлаймын. Өйткені, көлікті өртеп кету деген, есікті сваркілеп кету деген оның барлығы ескі Қазақстанның белгісі. 30 жыл бойы келе жатқан мәселелер. Қазіргі билік осындай оқиғаларға лайықтылығын көрсеткен жоқ", дейді саясаттанушы Талғат Қалиев.

Сондай-ақ, ұсталған 5 күдікті 2 бірдей бап бойынша тергеліп жатыр. Яғни, Қылмыстық кодекстің 202 және 293 баптары. Бұзақылық бабы бойынша 3 жылдан 7 жылға дейін, ал, біреудің мүлкін қасақан жою бабы бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу