Жыл басынан бері 1 млн 200 мың адамның жалақысы 30% өскен

534

Жаңа оқу жылынан бастап 380 мыңнан астам студенттің шәкіртақысы 20% , колледждерде 50% артады.

Жыл басынан бері 1 млн 200 мың адамның жалақысы 30% өскен Фото: Қазалы

Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов экономикалық кеңесте айтты, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

"Жыл басынан бері мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылған 900 мыңға жуық адам алатын әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 8,5% өсті. Ал бірінші шілдеден бастап сіздің тапсырмаңыз бойынша бұл төлемдер тағы 14,5% өседі. Сонда биыл жылдық өсім 23% болады", - деді Алтай Көлгінов.

Оның айтуынша, жыл басынан бері 1 млн 200 мың адамның жалақысы 30% өскен.

"Бірінші қыркүйектен бастап 380 мыңнан астам студенттің шәкіртақысы 20% , колледждерде 50% артады. Мемлекеттік қолдаудың әлеуметтік шаралары 4 400 мың қазақстандыққа әсер етті. Сіздің бастамаңыз бойынша депозиттерге 10 пайыз өтемақы төлеу шарасының аясында наурыз айында 2 млн 600 мың салымшыға 307 млрд теңге төленді", деді Үкімет басшысының орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу