banner

Жыл басынан бері дизельдік отын бағасы 36,5% өсті

Былтырғы жылмен салыстырғанда зергерлік бұйымдар мен сағаттар, тұрмыстық техниканың да бағасы шарықтап кетті.  

Жыл басынан бері дизельдік отын бағасы 36,5% өсті Фото: zakon.kz

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылдың қаңтар-қазан аралығында Қазақстанда азық-түлік емес тауарлардың бағасы 12,9%-ға өсті, деп жазады inbusiness.kz тілшісі "Атамекен" ҰКП сараптамалық орталығына сілтеме жасап.

Бағаның ең көп өсуі:

- Дизельдік отын (+36,5%);

- Зергерлік бұйымдар мен сағаттар (+28,7%);

- Тұрмыстық техника (+20,7%);

- Мотор майы (+20,4%);

- Жеке тауарлар (+20,0%).

Өңірлер бойынша Астанада азық-түлік емес тауарлар бағасы ең көп өскен (+16,7%).

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу