Жыл басынан бері тұрғын үй өртінен 203 адам қаза тапқан

363

ТЖМ мәліметінше, жыл сайын жылыту маусымының басталуымен өрт саны арта бастайды. 

Жыл басынан бері тұрғын үй өртінен 203 адам қаза тапқан Фото: Inbusiness.kz

Тұрғын үй секторында олардың саны жыл басынан бері 4 мыңнан асты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Салдарынан 203 адам қаза тапты, 193 адамды күйік шалып, уланулар алған.

Өрт кезінде қаза тапқандар санының артуы Шымкент қаласында, Жамбыл, Ақтөбе, және Қарағанды облыстарында байқалып отыр.

"Өрттің алдын алу және жою бойынша заманауи технологияларды енгізу мақсатында министрлік дамыған елдердегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін халықаралық тәжірибені зерделеп, талдады. Зерттеулер көрсеткендей, өрт басталған уақытынан 5-6 минуттан кейін адам өлімі келеді. Сол себепті өрт туындаған кезде азаматтарға көмек көрсету уақытын қысқарту үшін, кезекші-диспетчерлік қызметтердің жұмыс орындарын автоматтандыру қарастырылып отыр", - деді ТЖМ басшысы Үкімет отырысында.

Оның сөзінше, құтқарушыларда өртте мүмкіндігі шектеулі азаматтар туралы ақпарат автоматты түрде болу үшін 95 мың адамның тұратын жері туралы деректер енгізілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу