"115 айып!": "Манчестер Сити" футбол клубының басына қара бұлт үйірілді

BBC-дің жазуынша, нақты шешім тыңдаулар басталғаннан соң екі жыл он күн өткеннен кейін шығарылған.  

"115 айып!": "Манчестер Сити" футбол клубының басына қара бұлт үйірілді Фото: © NurPhoto / Contributor / NurPhoto / Gettyimages.ru

Осылайша, тәуелсіз комиссия "Манчестер Ситиді" Англия Премьер-лигасының қаржылық ережелерін бұзған 115 эпизодтың басым бөлігі бойынша кінәлі деп таныды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Үкімнің толық мәтіні әзір жарияланбады. Бүгінде клуб басшылығына құжат құпиялылық талаптарымен берілген. "Манчестер Сити" іс бойынша процесс әлі жалғасып жатқанын мәлімдеп, шешімге шағым түсіруі мүмкін екенін ескертті. 

Клубқа тағылған айыптар 2023 жылдың ақпанда жарияланған еді. Олардың арасында пайда мен қаржылық тұрақтылық ережелерін бұзу, демеушілік кірістерді әдейі жоғары көрсету, ойыншылар мен жаттықтырушыларға төлемдерге қатысты талаптарды бұзу, сондай-ақ тергеумен ынтымақтастықтан бас тарту мәселелері бар. Кейбір айыптар УЕФА ережелеріне де қатысты. 

Комиссия теориялық тұрғыда "Манчестер Ситиді" Премьер-лигадан шығаратындай қатаң жаза тағайындай алады. Сонымен қатар, ірі көлемде айыппұл салынуы мүмкін. 

Негізгі мәселе – санкцияның нақты қашан күшіне енетінінде. Егер шешім маусым соңына дейін созылса, чемпион мен төменгі дивизионға түсетін командалар анықталғаннан кейін де турнир кестесі өзгеруі мүмкін.

"Манчестер Ситидің" апелляция бойынша тәжірибесі бар екенін ескеру керек. 2020 жылы клуб УЕФА-ның Чемпиондар лигасына қатысуға салған екі жылдық тыйымын жойдыра алды. Десе де, қазіргі іс бойынша Премьер-лиганың шешіміне Спорттық арбитраж сотына шағымдануға мүмкіндік жоқ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу