Ақ үй БАҚ-қа арналған "ұят тақтасын" жасады

180

Тізімде The Washington Post, Axios және CNN телеарнасы бар.  

Ақ үй БАҚ-қа арналған "ұят тақтасын" жасады Фото: www.bloomberg.com

АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Ақ үйдің ресми сайтында жалған немесе жаңылыстыратын жаңалықтар жариялаған БАҚ-тың тізімі бар "ұят тақтасын" жасады. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

"Трамп әкімшілігі жалған жаңалықтар үшін бұрын-соңды болмаған жауапкершілікке тартып жатыр", – деп жазды Ливитт X әлеуметтік желісінде.

Ақ үйдің сайтында пайда болған жаңа бөлімде белгілі бір ақпарат құралдарында істейтін журналистер мен олардың материалдары көрсетілген.

DW агенттігінің жазуынша, арнайы бөлімде "Аптаның медиақылмыскері", "Ұят тақтасы", "Көшбасшылар тақтасы" және "Рецидивисттер" секілді айдарлар бар. Бұл тізімге АҚШ пен Ұлыбританияның ең ірі ағылшын тілді телеарналары, ақпарат агенттіктері, жаңалық порталдары мен газеттері кірген.

Атап айтқанда, MSNBC, CBS News, ABC News, BBC, CNN, The Washington Post, The New York Times, The Wall Street Journal, Politico, Axios, Associated Press, The Hill, The Boston Globe, The Independent, Los Angeles Times және USA Today бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу