Әлемде ең жоғары жалақы алатын футболшы анықталды

304

2025 жылғы Forbes рейтингінде 1-орынды футболшы Криштиану Роналду иеленді.

Әлемде ең жоғары жалақы алатын футболшы анықталды Фото: forbes.com

40 жастағы спортшының табысы 275 млн долларды құрап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл Forbes бақылаулары бойынша қазіргі спортшылар арасындағы үшінші ең жоғары жылдық табыс болып саналады.

40 жастағы шабуылшы және капитан Сауд Арабиясының "Аль-Наср" клубында да, Португалия құрамасында да ойнайды. Соңғы 12 айда оның табысы – клуб жалақысынан және негізінен жарнамалық жобалардан түскен қомақты кірістерден қалыптасты.

Жалпы алғанда, биылғы ең жоғары жалақы алатын 50 спортшы шамамен 4,23 миллиард доллар табыс тапты, бұл өткен жылғы 3,88 миллиард долларлық рекордтан едәуір асып түсті.

Бұл сомаға демеушілік келісімшарттардан, көпшілік алдындағы сөздерден және басқа бизнес-жобалардан түскен 1,04 миллиард доллар кіреді.

2024 жылмен салыстырғанда 11%-ға (936 миллион доллар) артық және 2023 жылғы 1,08 миллиард долларлық рекордқа жуық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу