Елшіге тиісті рәсімдерді орындау үшін 48 сағат уақыт ғана беріліп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осылайша, Алжир билігі Абу-Дабидің "арандатушылық немесе дұшпандық" деп бағаланған бірқатар әрекетінен кейін Біріккен Араб Әмірліктерімен дипломатиялық қатынасын үзетінін мәлім еткен. Бұл туралы Al Jazeera жазды.
Алжир БАӘ-де тіркелген барлық азаматтық және әскери әуе кемелеріне әуе кеңістігін жабатыны белгілі болды. Десе де, БАӘ-нің Алжирге және кері бағыттағы коммерциялық рейстеріне қолданыстағы келісімнің мерзімі аяқталатын 2026 жылдың соңына дейін тыйым салынбайды.
БАӘ Сыртқы істер министрлігі "Алжирдің бұл шешімі уақытша болады" деп сендірген. Ведомство Алжир халқына құрметпен қарайтынын ескертіп, екі ел азаматтары арасындағы байланыстарға тоқталған.
БАӘ президентінің дипломатиялық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Анвар Гаргаш әлеуметтік желідегі парақшасында дипломатиялық қатынастар "парасаттылыққа, байланысқа және мүдделердің айқындығына" негізделуі керектігін мәлімдеді. Дегенімен, ол жазбасында Алжирді тікелей атамаған.
Басылымның хабарлауынша, соңғы жылдары аймақтық бірқатар мәселеге қатысты келіспеушіліктерге байланысты Алжир мен БАӘ арасындағы қарым-қатынас шиеленісті.