АӨК – 2016: қаптаған өзгеріс жылы

6986

Саяси ахуал ауыл шаруашылығына түзетулер енгізді.

АӨК – 2016: қаптаған өзгеріс жылы

Өтіп бара жатқан жыл Қазақстанның аграрлық секторына жай тиген жоқ, еліміздің егін шаруашылығы шұғыл құрлықтық климаттың әсерінен ғана емес, сонымен қатар саяси ерекешеліктер әсерінен де тәуекел үстінде тұрғанын көрсетті. Жыл соңында ауыл шаруашылығын нарықтық бағытқа қайта бағдарлаудың жаңа жоспарын ұсынып, кезекті тәртіпте фермерлер үшін "ойын ережесін" өзгертті.

Жылдың бірінші жартысында ауыл шаруашылығы секторын жер мәселесі жөніндегі жанжалдан көз ашпады. Көктемде еліміздің көптеген өңірінде халық нарызылық акциясын ұйымдастырды – адамдар 2015 жылдың күзінде жер кодексіне енгізілген шетел азаматтары мен кәсіпорындарына 10 жылдан 25 жылға дейін жалға алуға рұқсат беретін түзетулерге қатысты ашынысын білдірді. Атырау, Қызылорда, Ақтөбе, Семей, Орал, Алматы қалаларында наразылық науқандары өтті, ал 21 мамырда белсенділер еліміздің барлық қаласында жалпыұлттық науқан өткізуді жоспарлаған. Халық наразылығына жауап ретінде ел президенті даулы нормаларды қолданысқа енгізуге мораторий қойды және жер реформасына қатысты арнайы комиссия құру туралы шешім қабылдады. Комиссия жер мәселесі бойынша екі тарапқа да тиімді шешім шығарады деп күтілген, алайда бірнеше айға жалғасқан отырыстан кейін, комиссия ауыл шаруашылығы жерін жалға беру (шетелдіктер үшін) және сатуға (ҚР азаматтарына) қойылған мораторийдің мерзімін тағы бірнеше жылға, жер реформасын толық әзірлегенге дейін ұзартуды ұсынды. Қазір бұл шешім заңды түрде бекітілді.

Жер жанжалы екі министрдің – ұлттық экономика және ауыл шаруашылығы министрлерінің ауысуымен аяқталды. Айта кету керек, министрлердің лауазымынан ерікті түрде кетті, егер экономика министрлігінің басшысы Ерболат Досаевтың өтініші оның орынбасарының жұмыстан шығарылуына байланысты болса, ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы Асылжан Мамытбековтің шешімін кейбіреулер демарш деп қабылдады. Десе де, 2011 жылдан бастап ауыл шаруашылығы министрлігін басқарған Мамытбеков жұмыстан босатылып, оның орнына Асқар Мырзахметов тағайындалды. Ол тағайындалғаннан кейін ауыл шаруашылығы министрлігінің үкіметтегі рөлі жоғарылады – Мырзахметов сонымен бірге премьер-министрдің орынбасары.

Асқар Мырзахметов қызметке тағайындалғаннан кейін бірден жаңа реформаны бастады. Ең бастысы – бұдан бұрын қабылданған "Агробизнес 2020" бағдарламасын АӨК дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасына ауыстырды. Бұрынғы бағдарлама тиімсіз деп танылды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің жаңа бағыты – ауыл шаруашылығы кооперацияларына басымдық беру, бидай егуді қысқартып, егістік алқаптарын әртараптандыру, ішкі және сыртқы нарықтағы жаңа тауарлық салаларды дамыту. Шенеуніктер ауыл тұрғындарына құрал-жабдық алуға жеңілдікпен несие, инвестициялық субсидия береміз деп ауыл шаруашылығы кооперативтеріне бірігуді ұсынып отыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі болашақта экспортқа шығаруға болады деп арпа өндірісін дамытуға (алайда арпаны қандай елдер сатып алатыны айтылмайды), сапасы төмен бидай жұмсалатын жем өндірісін дамытуға ден қойып отыр. Сондай-ақ ет өнімдерінің экспортын өсіру басым бағыт болып сақталып отыр, болашағы бар дегендердің ішінде бірінші кезекте Қытай нарығы тұр, одан кейін Ресей.

Үкіметтің жаңа бағдарламасы бекітілгенімен, ауыл шаруашылығы министрлігі бұдан бұрын бөлінген соманы жеткізіп, қосымша бюджеттік қаражат сұраған жоқ. 2017 жылдан бастап жаңа бағдарлама іске аса бастайды. Ол болжанған нәтижеге жете ме, жоқ па, оны уақыт көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу