Азия ойындарының жүлдегеріне 1 млн теңге табысталды

195

Бапкері де облыс әкімінің марапатына ие болды.  

Азия ойындарының жүлдегеріне 1 млн теңге табысталды Фото: gov.kz

Стенд атудан Азия ойындарының қола жүлдегері Әлішер Айсалбаевқа облыс әкімінің атынан 1 млн теңге көлемінде қаржылай сертификат берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев спортшыны және оның бапкері Максим Коломоецті қабылдап, халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғағаны үшін алғыс білдірді.

"Сіздер бағындырған белес – тынымсыз жаттығу мен ерен еңбектің нәтижесі. Мұқалмас жігер, табандылық пен жоғары дайындықтың арқасында еліміздің көк туы биікте желбіреп, халықаралық аренадағы мерейі асқақтады. Өскелең ұрпақты салауатты өмір салтына баулуға, спортты дамытуға қосқан үлесіңіз үшін ризашылығымды білдіремін.
Алдағы халықаралық бәсекелерде де бақтарыңыз жана берсін. Шаңырақтарыңызға шаттық, бақ-береке, отбасыларыңызға зор денсаулық пен қуаныш тілеймін. Еліміздің абыройын асқақтатар жеңісті күндеріңіз көп болсын", – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Спортшы облыс әкімінің Алғыс хатымен және 1 млн теңгелік сертификатпен марапатталды. Ал бапкері Максим Коломоецке облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.

Айта кетейік, ХХ Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Нагоя қаласында өтті. Байрақты бәсекеге Азияның 45 елінен 15 мыңға жуық спортшы қатысты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу