БАӘ Ирандағы дипломаттарын елге қайтаратын болды

Бұл – аймақтағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты қабылданған шешім. 

БАӘ Ирандағы дипломаттарын елге қайтаратын болды Фото: © Shutterstock / FOTODOM / Vinnikava Viktoryia

БАӘ Сыртқы істер министрлігінің жазуынша, қазірдің өзінде-ақ халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысы нақты бұзылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Осылайша, Біріккен Араб Әмірліктері Тегерандағы елшілігін жабатынын, елші мен дипломаттарын Иран астанасынан кері шақыртпақ. 

– Тұрғын аудандарға, әуежайларға, порттарға және қызмет көрсету саласының нысандарына бағытталған шабуылдар – жазықсыз бейбіт тұрғындарға қауіп төндірді, айтарлықтай және жауапсыз эскалацияны көрсетеді, ұлттық тәуелсіздіктің ашық бұзылуы, сондай-ақ халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысының нақты бұзылуы, – деп хабарлады ведомство.

БАӘ Сыртқы істер министрлігі бұл шешім елдің қауіпсіздік пен тәуелсіздікке қатысты берік ұстанымын көрсететінін хабарлады. Оны қабылдауға себеп – эскалацияны азайтуға кедергі келтіретін тұрақты провокациялар, бұл аймақтағы және әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндіруі. Өйткені бұл энергетикалық қауіпсіздік пен экономикаға да әсер етуі ықтимал. 

Айта кетейік, 1 наурызда Дубай халықаралық әуежайына шабуыл жасалған еді. Джебель-Али портындағы кемелердің жүк айлағына құлаған зымыран қалдықтардың салдарынан өрт шықты. Сол себепті, жергілікті әуежайлар жабылып, елде дабыл режимі жарияланды. Абу-Дабиде Иран зымырандарын жою кезінде бір адам қаза тапқаны хабарланды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу