Биыл сақтандырушылар үшін ауыр жыл

Татьяна Батищева Татьяна Батищева
40462

АвтоКАСКО және автокөлік иелерін міндетті сақтандыру енді сақтандыру нарығының драйверлері емес.

Биыл сақтандырушылар үшін ауыр жыл

Соңғы екі жылда алғаш рет моторлы сақтандыру саласындағы сыйақы жинағы қалыпты көрсеткіштен төмен болды. Нарықты қайта жандандыруға болады және 2017 жыл автоәуесқойларға аздаған өзгеріс дайындап қойды.

2016 жылдың қорытындысы бойынша автокөлік иелерін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерінің орташа мөлшері 0,8%-ға, 338 мың теңгеге дейін, ал КАСКО бойынша – 22%-ға, 437 мың теңгеге дейін өсті.

Автокөлік иелерін сақтандыру бойынша сыйақы сомасы әлі де төлемнен артылмайды, алайда төлем серпіні сыйақы серпінінен асып түсті: 25%-ға 23% қарсы. Бұл бизнестің шығыны нарық бойынша 48%-ға дейін көтерілді. АвтоКАСКО бойынша да жағдай қайталанып, сақтандырушының пайдасына шешіліп отырған жоқ. Сыйақы 3%-ға көтерілсе, төлем – 19%, шығын – 34%-дан 39%-ға дейін артты.

"Коммеск-Өмір" СК басқарма төрағасы Олег Ханиннің айтуынша, 2016 жылы автокөлік иелерін азаматтық жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі сыйақының өсуі автокөлік иелерін шекаралас сақтандыру бойынша жаңа тарифтердің құрылуын қамтамасыз етті. 2017 жылы сыйақының түсу серпіні 20-25% деңгейінде сақталады және мынадай техникалық мәселеге байланысты болмақ: елге әкелетін көлік санының өсуіне байланысты, орта есеппен жылына 40-50 мың автокөлік.

КАСКО бойынша қорытынды жалпы қаржылық ахуалға байланысты, одан әрі де солай болады. Ұлттық валюта бағамының түзетілуі көлік пен қосалқы құрал бағасының едәуір қымбаттауына әсер етті. Сол себепті клиенттердің де саны азайды – жеке тұлғалар автоКАСКО полистерінің мерзімін өз еркімен ұзартты. АвтоКАСКО-ның бөлшек сатылым сегменті мүлде құлдырап кетті. Сонымен қатар КАСКО-ға көлік алуға несие беру кезінде сақтандыру полистерін алуды міндеттейтін банк сұранысы төмендеді. КАСКО бойынша банк сақтандырушыларының нарығы 5%-ға төмендеді.

"КАСКО бойынша бөлшек сауда бізге қызық емес, бірақ, өкінішке қарай, халықтың сатып алу қабілеті сақтандырушы бас тігетін тәуекелге жауап бермейді, қосалқы бөлшектер едәуір қымбаттады. Егер бұрын қосалқы бөлшек үлесі 50% болса, қазір жұмыстың құны төмендеп, бөлшек бағасы қымбаттап кетті. Бұл мәселе сақтандырушыларды алаңдатпай қоймайды: көлік паркі "жасарды", қазір көптеген көлік салоннан сатылып жатыр және оларға фирмалық ТҚС-ларда кепілдікпен қызмет көрсетілуі тиіс. Ол жердің бағасы қарапайым станциялардан қымбатырақ. Мұның бәрі жеке тұлғалар сегментінде КАСКО бойынша сақтандырудың тежелуіне әкеледі. Біз 2017 жылы нарық қайта жанданып кетеді дегенге сенбейміз", – дейді Олег Ханин.

2017 жылды тиімді көрсеткішпен аяқтау үшін, сақтандыру компаниялары моторлы сақтандыру бойынша стратегияларын ауыстырды. Мысалы тезірек қызмет көрсетуді ұсынады. АвтоКАСКО бойынша сақтандырушылар заңды тұлғалармен жұмысқа ден қойып отыр, олар үшін жылдамдық маңызды: оларға көлік барынша тез жөнделіп, қайта жұмысқа салынғаны керек. АвтоКАСКО бойынша сақтандырушылар төлем жүргізу үшін сот шешімін күтпейді де, 5-7 күннің ішінде төлейді.

Автокөлік иелерін міндетті сақтандыру бойынша нарық басқа стратегияны ұстанбақ. Әрине, компания өз клиенттерін жоғалтпауға тырысады. Жол апаты болған кезде залалды бағалауды тәуелсіз бағлаушыларға емес сақтандыру нарығына ауыстыру мәселесі 2016 жылдан бері қызу талқыланады. Статистикаға сүйенсек, сақтандырушылар аз төлеген жоқ, алайда арада жүрген делдалдарсыз сақтандырушы мен клиент арасындағы қарым-қатынас әлдеқайда тиімді болды.

Өткен жылдың тағы бір ерекшелігі – залалды заттай қайтару, оны көптеген сақтандыру компаниясы пайдаланады.

"Сақтандыру компаниялар үшін көлікті өздері жөндегені әлдеқайда тиімді, олар әділ баға қойғысы келеді және көлік құралын жөндеуге кететін шығын туралы клиентпен дауға түскісі келмейді", – дейді "Коммеск-Өмір" СК басқарма төрағасының бірінші орынбасары Владимир Акентьев.

Nomad Insurance СК сақтандыру төлемдері басқармасының бастығы Юрий Пичугиннің айтуынша, сақтандыру компаниялары жұмысына техникалық қызмет көрсету станцияларын тартуға ниетті, себебі залалдың орнын ақшалай өтеуден гөрі, заттай жөндегісі келеді: "Біз бірнеше ТҚС-мен серіктестік шартқа қол қойдық, соның арқасында жұмыстың сапасына кепілдік бере аламыз. Сақтандырушы үшін бұл өте тиімді, себебі іске заңгерлер немесе бағалаушылар кіріссе, әңгіме тек ақша туралы ғана өрбиді".

Сақтандырушының айтуынша, залалдың орнын ақшалай өтеудің тағы бір қиындығы, 10 жылдан артық ұсталған көлікті жөндеуге қаражат көбірек кетеді.

"Біз клиентімізге техникалық қызмет көрсетуді ұсынсақ, бірден мынаны түсіндіреміз, егер нарықта қажетті қосалқы бөлшек табылмаса, не ол клиенттің көңілінен шықпаса, мысалы клиент қытай бөлшектерін пайдаланғысы келмесе, біз қолданылған бөлшек іздейміз. Осының арқасында ТҚС-лар да жұмыспен қамтылады, қазір олар өздері бізге келіп, қызметін ұсынып жатыр, себебі бұл тұрақты нарық екенін түсініп отыр", – дейді Nomad Insurance өкілі.

Баршаға әділдік

Не дегенмен, сақтандыру ұйымдарының негізгі міндеті – автокөлік иелерін сақтандыру түрлерін кеңейту. Сақтандыру нарығының ендігі бір қиындығы, көлік иелерінің шамамен 25%-ын үнемдеу мақсатымен толық бір жылға сақтандыруға шарт жасаспай, тек 6 айға ғана сақтандырады, онысын көлікті тек бір мезгілде ғана қолданамын деп түсіндіреді. Алайда апат болған жағдайда клиент толық сақтандыру төлемін алуға құқылы, бұл сақтандыру секторының өкілдері үшін әділ емес. Осы мәселені заңнамалық деңгейде реттеу қажет деп есептейді сақтандырушылар.

"Екі тарапқа да әділ шешім шығарылуы тиіс. Егер жылына алты ай ғана жүретін мотоцикл жүргізушілері болса, не арнайы әлеуметтік норма көзделген зейнеткерлер мен мүгедектер болса, еш қарсылығымыз жоқ. Ал іс жүзінде жүргізушілердің төрттен бір бөлігі жарты жылға сақтандыру шартына қол қояды, ал сақтандыру ақысын толығымен алады. Нәтижесінде полиске толық төлеген және жартысын төлеген адам бірдей қызмет алады. Ал сақтандыру нарығы сақтандыру сыйақысын ала алмай, шығынға батады және сақтандырушылар сыйақыны қайта қарау туралы мәселені көтеруі мүмкін", – дейді "Коммеск-Өмір" СК.

Осыдан соң сақтандыру компаниялары тарифтерді бір ретке келтіргісі келеді. Қазір тарифті есептеу үшін коэффициент Алматы қаласы үшін 2,96, Тараз – 1, Шымкент – 1,1. Автоинспекция қызметінің мәліметіне сүйенсек, күн сайын Алматыға шамамен 200 мың көлік кіреді. Нәтижесінде полис құнының коэффициенті төмен аймақтық көліктер Алматыда әлдеқайда қымбат жергілікті көліктерді соғады.

Сақтандыру нарығы бұл мәселені көптен бері талқылап келеді және аудан орталықтарының коэффициенттерін қалалықпен теңестіру туралы ұсынысын айтып жүр.

"Еліміздің барлық аумағына бірыңғай сақтандыру тарифін енгізу қажет. Кей аймақтар үшін бұл тиімді болады, ал кейбірі үшін – сыйақы көлемі жөнінен тиімсіз болады, алайда бұл еліміздегі тарифтердің бір ретке келуіне және әділдікке қол жеткізуге мүмкіндік береді, себебі бұл көптеген көлік иесіне қатысты", – дейді Владимир Акентьев.

Моторлы сақтандырудың биылғы дамуын болжасақ, нарықтың өсімі осы деңгейде қалады, ал төлем артады деп айтуға болады. Тарифті көтеру мәселесі күрделі, ол көпшіліктің қолдауын таппаған мәселеге дауыс беруге құлықсыз депутаттардың мақұлдауын талап етеді. Сол себепті сақтандырушылар электронды полистерді енгізу мен әкімшілік кедергілердің азаюына үміт артады.Алайда шығынның азаюы автоматтандыру мен киберқауіпсіздікке жұмсалатын үлкен қаражатты теңестіреді. Оның үстіне нарық жаңа интеграциялық жүйелерге шығындалуы тиіс, ол Бірыңғай сақтандыру қорынан (БСҚ) жаңа оператор – мемлекеттік несиелік бюроға ауыстыру кезінде қажет. Қазірдің өзінде көптеген сақтандыру компаниясы IT-маман, веб-әзірлеуші және бағдарламашы штатын кеңейтіп жатыр.

Сонымен 2017 жылы бизнесті жаңғыртуға арналған инвестиция өседі, ал теңгенің нығаюы валюта бағамын қайта бағалау есебінен табыс табуға кедергі келтіреді. Бәрі бәсекелестіктің күшеюіне байланысты болады, міндетті түрде төлеу керек не залалдың орнын заттай қайтару керек болады. Ойыншылардың саны қысқаруы әбден мүмкін. Нарықты оңтайландыруға реттеуші органның тарапынан сақтандыру компанияларына капиталдандыруды өсіруге қатысты талап қоюы әсер етуі мүмкін.

Татьяна Батищева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу