Forbes журналының есебінше, оның бір маусымдағы кірісі – 300 миллион доллар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл соманың басым бөлігі футболшының Сауд Арабиясы клубындағы қызметіне тиесілі. Атап айтқанда, Роналду жалақысы мен бонустардан 250 миллион доллар табады. Ал жарнама және басқа да коммерциялық жобалар оған қосымша 50 миллион доллар кіріс әкеледі.
Табыс көлемі бойынша екінші орында "Интер Майами" клубының аргентиналық жұлдызы Лионель Месси тұр. Оның бір маусымдағы кірісі 145 миллион долларға бағаланған. Үшінші сатыға 100 миллион доллар табысымен мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Килиан Мбаппе жайғасты.
Төртінші орын "Манчестер Ситидің" норвегиялық форварды Эрлинг Холандқа бұйырды. Оның табысы – 85 миллион доллар. Ал "Реал" ойыншысы Винисиус Жуниор 76 миллион доллармен бесінші орынға тұрақтады. "Барселонаның" жас футболшысы Ламин Ямаль 55 миллион доллар көрсеткішімен алтыншы сатыға көтерілді.
Forbes рейтингісіндегі үздік ондықтың қалған бөлігін мына футболшылар толықтырды:
7-орын – Садио Мане: 54 млн доллар;
8-орын – Джуд Беллингем: 45 млн доллар;
9-орын – Харри Кейн: 42 млн доллар;
10-орын – Мохамед Салах: 40 млн доллар.
Рейтингті есептеу кезінде спортшылардың клубтан алатын жалақысы мен бонустары, жарнамалық келісімшарттары және басқа коммерциялық қызметтен түсетін кірістері ескерілген. Жарияланған сомалардан салықтар мен агенттердің қызмет ақысы шегерілмеген.